"Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар" ЖОО курс
"Technological Entrepreneurship & Startups" пәні әр түрлі идеяларға толы студенттерге ең бәсекеге қабілеттісін таңдауға және сонымен қатар MCI-ден MVP-ге дейінгі аралықты өтуге үлкен мүмкіндік береді. Акселератор. «Өз стартапынды қалай бастау қажет» курсын оқу кезінде әр студент стартаппен айналысады. Тыңдаушылар топтарға жиналып, командалармен жобалар жасайды. Курс ең алдымен студенттерге IT-құзыреттіліктерін, командалық жұмысты және бизнес дағдыларын дамытуға көмектесуге арналған. Оқу бағдарламасы идеяларды іздеуден және өнімді нарыққа шығарумен аяқталатын стартаптың бүкіл процесін қамтиды. Бұл курстың нәтижесі - нақты MVP дайындау, оны іске қосу және акселерация бағдарламасына өту мен оны бастау, преакселаторға өту немесе нарықта дербес өмір сүру болып табылады.
№0/15 Таныстыру сабағы "Техкәсіпкерлікке кіріспе және курс бағдарламасы"
Неліктен сабақ жоспары дәл осындай:
"Экваторға дейін" курстың бірінші жартысында білім алушыларды техкәсіпкерлікке ЫНТАЛАНДЫРАМЫЗ . Олар "өз ісін" жасағысы келген соң: "нақты не істеу керек?". Содан кейін ШАБЫТ және бағыт беру, қай бағытта қозғалу керек, қандай идея MCI бола алады және болашақтa табысқа әкеледі. Ұшқын мен бастапқы жоспар болғаннан кейін, КОМАНДА жинаймыз! Содан кейін өнімді кім пайдаланатынын анықтаймыз, МА -ны сегменттеріне бөлеміз, әрбір сегментке бірегей ҚҰ құраймыз. Біздің ҚҰ-пен МА сегменттерін алып, CustDev аясында мәселелік сұхбат жүргіземіз. Тұтынушы мәселені растағаннан кейін және тұтынушының өнімге бюджеті болса, нарықты және өзге бәсекелестерді зерттейміз, нарықты есептейміз . Егер біздің өнім үшін нарық болса, идея бойынша MVP құрамыз. Курстың ортасы, аралық бақылау және презентация , өткен уақыт аралығына трэкшн, сондай-ақ болашаққа арналған Roadmap жоспарлары.
Курстың екінші жартысында MVO-ға байланысты тақырыптарға көшеміз. Бизнес Model Map (11-терезе) бір парағында стартап-жобамыз туралы барлық ақпаратты жинаймыз, содан кейін әрбір терезеде HADI-циклдарды іске қосамыз, стартапты Монеталаудың мүмкін модельдерін қарастырамыз. Стартаптың 4 негізгі метрикасынa қарап, юнит-экономиканы санаймыз: әрбір сегментте клиентке қанша жұмсаймыз және біз одан қанша аламыз. Стартап қаржыларын зерттейміз,ақша не нәрсеге кетеді және стартаптың "ұшу жолағын" анықтаймыз. Тұтынушыға өнімді сатуға бағытталған маркетингтік белсенділікті бастаймыз: маркетинг шұңқырынан және сату шұңқырынан бизнес шұңқырын құрамыз, алғашқы сатылым жасаймыз және алғашқы клиенттердің шолуларын мониторингілейміз. Масштабталған арнадағы сатылым мен бірінші, қолмен сату face-to-face бірдей емес. Сондықтан әрбір клиент сегменті үшін әрбір сату арнасының бөтелке мойнын анықтаймыз және юнит-экономиканың ауқымында жинақталатынына көз жеткіземіз. Егер жоба тиімді және х10 бере алатын болса, онда оны инвестициялауға дайынбыз, инвесторлар типтерін талқылаймыз және қаржыландыру кезеңдерін анықтаймыз. Командалардың презентациялары қазірдің өзінде бар, тек өзін сауатты сату ғана қалды - көпшілік алдында қалай "өзін-өзі ұстау" керек және аудитория алдында қалай өнімді қалай сату керек екенін түсінеміз. Өзімізді сата алсақ-өнімімізді де сатамыз.
Курс аяқталғаннан кейін, бизнес әлемінен адамдарды және барлық мүдделі адамдарды шақыра отырып, aшық #DEMODAY-де командалардың питчингін өткіземіз. Инкубаторға/преакселераторға(e.g. 100.astanahub.com) , немесе акселератор (e.g. accelerator.astanahub.com) өтінім береміз , студенттер тағы баратын тақырыптық ивенттердің Roadmap-ын құраймыз: e.g. ҚР БҒМ Startup Bolashak байқауы MeninArmanym.kz, Microsoft Imagine Cup, Startup.Network Battle, Республикалық Финал Enactus.kz және т. б.