Сабақ №1/15. Техкәсіпкерлік. Уақыт бағдары және мемлекеттік қажеттілік. Мотивация.

Оқушыларды технологиялық кәсіпкерлікке итермелеп мотивация береміз. Техно-бизнестің өзектігі жайлы және неліктен болашақ осы салада екендігінн айтып береміз. Сонымен қатар, мемлекеттік көмекті атап өтеміз.

Венчур бизнесі — тәуекелді ғылыми-техникалық немесе технологиялық бизнес, яғни ЖОҒАРЫ-технологиялық (HiTech), ЖОҒАРЫтәуекелді (1/10), ЖОҒАРЫтабысты (x10).

Технологиялық кәсіпкерлк (Техкәсіпкерлік) — тұрақты бәсекелестік артықшылық негізіне инновативті жоғарытехнологиялық идея салынған жаңа бизнесті құру.

Уақыт талабы:
  • Disrupt! «Шапшаңдар үлкенді жейді»
  • Бизнестің тамақ тізбегі
  • Болашақтағы кезөкелген компания - IT компания
  • ТОП-5 ең қымбат компаниялар - Техногиганттар
  • ЭКСПОненциалды технологиялар. VUCA-world
  • Бизнеске-бағытталған кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар бастаманы қолға алатын азаматтар (проблеманы көрсе - шешімді ұсынады)
  • Индустрия 4.0. Техносингулярлық. Машиналар ғасырында базалық табыс
Мемлекеттің талабы:
  • Халықаралық IT-стартаптар технопаркі және Қазақстанның стартап-экосистемасы "Astana hub" EXPO2017 территориясында АХҚО-ның қасында ашылған және әр кварталда инкубация және акселлерация легін шығарады
  • АО «QazTech Ventures» (бұрынғы НАТР) бизнес-инкубаторларға демеушілік етеді, гранттар береді және венчур нарығын дамытады
  • "Цифрлы Казақстан" мемлекеттік бағдарламасы стартап сөзін 47 рет қайталайды, стартап-экосистемасының және жастардың кәсіпкерлігінің дамытуын тұспалдайды
  • СЭЗ ПИТ "Алатау" Алматы қаласының әкімшілігінің қол астына көшіп стартаптардың қызметін қайта әкеледі
  • Техгарден/IT-квартал "Стартап Қазақстан" акселлерация бағдарламасын жасайды, $20 000-лап инвестиция жасайды және көп үміт күтерлік стартаптарды АҚШ-дағы Кремний Алқабына жібереді
  • "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы жыл сайынғы Стартап Demoday өткізуін және әр университетте студенттік бизнес-проекттердің тізімін жасауды талап етеді

Қорыта айтқанда: жас кәсіпкерлер үшін бізде барлық жерде жасыл түс бар!

Сабаққа сілтеме: startup-course.com/1

Видеодәріс: Технологиялық Кәсіпкерлікке кіріспе. Техкәсіпкерліктің өзектілігі және курстың бағдарламасы (00:43:37)

Презентация: 45 слайдтық слайдшоу.



Қосымша видеодәрістерді көруге кеңес береміз:

  • "Экспоненциалды технологиялар". Мағжан Мадиев, AstanaHub директоры [00:08:24] youtu.be/xDJmdq02yTA
  • "Техкәсіпкерліктің және интернет-бизнестің түрлері". Дмитрий Калаев, ФРИИ акселлераторының директоры [00:34:54] youtu.be/MTmfBvaoWGk
  • "Индустрия 4.0". Мағжан Мадиев, AstanaHub директоры [00:08:52] youtu.be/ixZHZnX-WoA

Бағалау. База. Жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша тетілеу өзіңізді тексеруге және түсінуге арналған. Керегінше тексерушіге көрсеткен жөн. "Орнатылған міндетті тестілеу ➡️ бөлек сілтеме бойынша.


Бағалау. Бонустар [қалауынша]. Фильмдер:

Facebook және Марк Цукербергтің студенттің жетістігі жайлы «Әлеуметтік желі»/«The Social Network» фильмін көріңіз!

"Кремний алқабы" (2014) сериалының бірінші сезонын қарауды бастаңыз [күніне максимум 1 сериядан!] және 8 серияны көріп болған соң төмендегі сілтеме бойынша тестті өтіңіз bit.ly/silicon-valley-1 . Егер осы тест бойынша бағаңыз орташа баллдан жоғары болса, сіздің ментор/трекер сізге орташа бағаны қоя алады (База+Бонус)/2.


Көргеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Келесі ТОЛЫҚ ЕМЕС сабақ: 2. MCI. Серпелісті идея және шабыт көздері. Заманауи Трендтер startup-course.com/kz/2

"Видеодәріс, толытылған презентация слайдтары, автоматты тестілеу және келесі ТОЛЫҚ сабақтың сілтемесі университеттің төленген версиясында қолжетімді lessons.startup-course.com/2.

Егер сіз университеттің курсты сатып алуын күте алмасаңыз сіз курсты өз еркіңізбен $4-ға (Kaspi, Qiwi) сатып алуыңызға болады. Бізге WhatsApp-қа wa.me/79251205211 немесе Telegram-ға @StartupCourseMentor-ға жазыңыз

"Стартапы и Технологическое Предпринимательство" курсының басты беті